16 тамызда АПЛ-дің жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024/25 маусымының басталуына 4 апта қалды және АПЛ-дің ресми Twitter парақшасы осыған арнап жазба жариялады.

АПЛ СММ мамандары әлеуметтік желілерде лиганың үш экс-футболшысы - Андрей Аршавин, Дидье Дрогба және Рио Фердинандтың суреттерін жариялады. Олардың әрқайсысы фотода 4 саусақты көрсетіп тұр. Аршавин Энфилдте «Ливерпульге» қарсы атақты покерінен кейін осы ишараны көрсеткен.