Саpology қаржы порталы Ла Лига 2024/2025 маусымында ең көп жалақы алатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sovsport.ru сайтына сілтеме жасап.

Рейтингтегі бірінші орынды «Барселонаның» голландиялық жартылай қорғаушысы Френки де Йонг иеленді, оның жалақысы жылына 37,5 миллион еуроны құрайды. Екінші орында каталониялықтардың польшалық шабуылшысы Роберт Левандовски тұр, оның жалақысы жылына - 33,3 миллион еуро. Үздік үштікті жылына 31,3 миллион еуро жалақы алатын «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы, франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе түйіндеді.

Айта кетейік, үздік ондыққа мадридтік команданың тағы 5 ойыншысы енді: Дэвид Алаба (4-орын), Джуд Беллингем (6), Винисиус Джуниор (7), Федерико Вальверде (9) және Тибо Куртуа (10). Рейтингте бесінші орында «Атлетико Мадрид» қақпашысы Ян Облак тұр. Сегізінші орында «Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган.