Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен OCTAGON 60 мерейтойлық турнирінде кештің басты жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Титулды жекпе-жекте ұйымның қазіргі чемпионы қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) «уақытша» титул иегері өзбекстандық Ислам Балтаевпен (4-2) күш сынасты.

Файтерлер жекпе-жекті сақтықпен бастады. Балтаев екінші минутта сол қолымен ауыр соққы жасап, қазақстандықты құлатып тастады. Чемпион орнынан тұрғанымен, өзбек файтері тіземен соққы бағыттады. Осылайша, Балтаев нокаутпен жеңіске жетіп, орта салмақта толыққанды чемпиондық белбеуді алды.

3 тамызда Бішкекте OCTAGON 61 турнирі өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink