OCTAGON 60 турнирінде ауыр салмақта кештің басты жекпе-жектерінің бірі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Ұйымның қырғызстандық чемпионы, «Халк» лақап атымен танымал Исламбек Бактыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекхяпурға (4-1) қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғады.

Жекпе-жектің басында титулға үміткер ширақ шабуылдады. Бірақ кейін Бактыбек уулу қарқынын үдетіп, жойқын соққылар жасай бастады. Алғашқы раунд аяқталар сәтте қырғыз файтері ауыр соққымен қарсыласын құлатып тастады. Рефери жекпе-жекті бірден тоқтатып, «Халк» мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink