Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі аясында кеште жанкүйерлер көп күткен жекпе-жектердің бірі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

80 келіге дейінгі аралық салмақта өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) сегізбұрышта қазақстандық ММА ардагері, «Болат аяқ» лақап атымен танымал файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездесті.

Тартысты өткен кездесуде өзбек файтері қазақстандық спортшыны нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде UFC файтері Магомед Анкалаевты жеңген қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) Өзбекстан өкілі Ислам Балтаевпен (4-2) кездеседі.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қырғызстандық «Халк» Исламбек Бақтыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекияпурмен (4-1) жекпе-жекте ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink