Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі аясында жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Октагонда өзбекстандық Фахриддин Хошимжонов (3-0-1) жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Саят «Аватар» Әбдуәлимен (5-0) кездесті.

Бір минуттан астам уақытта созылған жекпе-жекте Әбдуәли қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Мерзімімнен бұрын алтыншы жеңісінен кейін Саят өзбекстандық Амирхон Абдурахмановты жекпе-жекке шақырды.

Кештің басты жекпе-жегінде UFC файтері Магомед Анкалаевты жеңген қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) Өзбекстан өкілі Ислам Балтаевпен (4-2) кездеседі.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қырғызстандық «Халк» Исламбек Бақтыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекияпурмен (4-1) жекпе-жекте ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink