Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі аясында әйелдер арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Минималды салмақ дәресіндегі жекпе-жекте үндістандық спортшы Моника Киран Гаг (6-4) сегізбұрышта қазақстандық Антонина Котляревскаямен (4-1) кездесіп, Антонина мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде UFC файтері Магомед Анкалаевты жеңген қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) Өзбекстан өкілі Ислам Балтаевпен (4-2) кездеседі.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қырғызстандық «Халк» Исламбек Бақтыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекияпурмен (4-1) жекпе-жекте ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Жартылай орта салмақта өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) пен қазақстандық Махир Мамедов (19-3) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink