Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі аясында жартылай орта салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақта әзербайжандық Эмин Шарифов (5-1) қазақстандық ММА ардагері Рашид Дагаевпен (7-3) кездесіп, Шарифон төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде UFC файтері Магомед Анкалаевты жеңген қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) Өзбекстан өкілі Ислам Балтаевпен (4-2) кездеседі.
Кештің негізгі жекпе-жегінде қырғызстандық «Халк» Исламбек Бақтыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекияпурмен (4-1) жекпе-жекте ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.
Жартылай орта салмақта өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) пен қазақстандық Махир Мамедов (19-3) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink
Комментарии