Алты күннен кейін қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Нақтырақ айтар болсақ, 25 шілдеде Бангкок қаласында (Таиланд) өтетін бокс кешінде отандасымыз жергілікті спортшы Джиттамат Пхомтамен кездесіп, жеңіл салмақ бойынша (55 келіге дейін) WBA Asia белбеуін сарапқа салады.

«Балауса Бангкок қаласында (Таиланд) WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Біз үшін бұл – жаңа деңгей. Ол бұған дейін 1 маусымда жекпе-жек өткізіп, Үндістаннан келген қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірген болатын. Енді 25 шілдеде Бангкоктағы ірі бокс кешінде ригке қайта оралады», - деп жазды боксшының менеджері әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Б.Мұздыман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде үндістандық Моника Сингхті бірінші раундта нокаутқа түсірген кезде өткізді. Бұл жеңіс 26 жастағы қазақстандық боксшыға BoxRec-тің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 115-орыннан 95-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.