Сapology қаржылық басылымы Испания чемпионатында ең көп жалақы алатын футболшылардың тізімін жариялады. Олар 2024/2025 жылғы маусымда қомақты жалақы алатын болады.

Ла лигада ең көп жалақы алатын – Френки де Йонг. "Барселона" командасының жартылай қорғаушысы жылына салықтан бөлек 37,5 миллион еуро табыс табады. Одан кейінгі орында да каталондық команда ойыншысы жайғасқан. Шабуылшы Роберт Левандовскийдің жалақысы 33,3 миллион еуро көлемінде.

Жуырда ғана "Реал" сапына ауысқан Килиан Мбаппе үштікке енген. Ол "корольдік клубта" жылына 31,3 миллион еуро жалақы алатын болады.

Ең көп жалақы алатын футболшылар рейтингі:

1. Френки де Йонг – 37,5 млн еуро2. Роберт Левандовский – 33,3 млн3. Килиан Мбаппе – 31,3 млн4. Давид Алаба – 22,5 млн5. Ян Облак – 20,8 млн 6. Джуд Беллингем – 20,8 млн7. Винисиус Жуниор – 20,8 млн8. Илкай Гюндоган – 18,7 млн 9. Федерико Вальверде – 16,6 млн10. Тибо Куртуа – 15 млн