Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Олимпиада алдындағы жаттығу жиындарын тәмамдады, деп жазады Olympic.kz.

Екі спортшы жаттығу жиынын Түркияның Белек қаласында жаттықты.

Жаттығу жиыны 1-18 шілде аралығына созылған. Спортшылар жақын арада Олимпиада ойындарына қатысу үшін Франция астанасын бетке алады.

Айта кетелік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.