«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг Испания Ла лигасының 2024/2025 жылғы маусымдағы ең көп жалақы алатын ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Сapology қаржы порталы хабарлады.

Нидерландылық футболшының салық төлегенге дейінгі жалақысы жылына 37,5 миллион еуро. Екінші орында каталониялық команданың тағы бір ойыншысы, польшалық Роберт Левандовски тұр, ол жылына 33,3 миллион еуро жалақы алады. Үшінші орында 31,3 миллион еуро жалақы алатын «Реалдың» жаңа ойыншысы Килиан Мбаппе жайғасқан.

Үздік ондықта мадридтік команданың тағы 5 ойыншысы енді: Дэвид Алаба (4-орын), Джуд Беллингем (6), Винисиус Джуниор (7), Федерико Вальверде (9) және Тибо Куртуа (10). Бесінші орында «Атлетико Мадридтің» словениялық қақпашысы Ян Облак тұр. Сегізінші орында «Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган.