Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның кезекті қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 шілдеде Таиландта өтетін бокс кешінде ол жергілікті спортшы Джиттамат Пхомтамен кездесіп, жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуін сарапқа салады.

«Балауса Бангкок қаласында (Таиланд) WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Біз үшін бұл жаңа деңгей. 1 маусымда Балауса жекпе-жек өткізіп, Үндістаннан келген қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірді.

Енді 25 шілдеде Бангкоктағы ірі бокс кешінде ригк қайта оралады», - деп жазды боксшының менеджері әлеуметтік желіде.