Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат қақпашылардың тізімін жаңартты. Рейтингте грузиялық Георгий Мамардашвили (Валенсия) мен португалиялық Диого Кошта (Порту) бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt ойыншылардың трансферлік құнын 45 миллион еуроға бағалады.

23 жастағы грузин спортшысының құны 10 миллион, ал 24 жастағы португалиялықтың құны 5 миллион еуро өсті.

Тізімнің алғашқы ондығына Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ, 40 миллион еуро), Грегор Кобель («Боруссия Дортмунд», 40 миллион еуро), Майк Майньян («Милан», 38 миллион), Гуглильмо Викарио («Тоттенхэм», 35 миллион ), Давид Рая («Арсенал», 35 миллион), Эдерсон («Ман Сити», 35 миллион), Андре Онана («Манчестер Юнайтед», 35 миллион) және Унаи Саймон («Атлетик», 30 миллион) енді.