Қостанайда УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Тобыл» мен словакиялық «Ружемберок» арасындағы қарымта ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сырт алаңда 2:5 есебімен жеңілген қостанайлықтар қарымта ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткенімен, келесі кезеңге өте алмады.

Матчтағы жалғыз голды 8-минутта Ахмед Эль-Мессауди соқты.