Бүгін қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» арасында Лига кубогы топтық кезеңі аясындағы үшінші турының ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады және оны «Q League» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, «Астана» үш ұпаймен D тобында көш бастап тұр, ал «Шахтер» үшінші орында, тек доп айырмасы бойынша елордалық ойыншыларды артқа тастады.