Алматылық «Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Виктор Васин клубтан кететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Келісімшартты бұзу себептері хабарланбады, бірақ бұған екі тарап та келісіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Васин «Қайратқа» 2022 жылғы маусым басталмай тұрып келген болатын. Алматылық команда сапында 35-жастағы қорғаушы 68 матч өткізіп, 4 гол соқты.