«Тур де Франс» веложарысының 18-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңінің жеңімпазы бельгиялық Виктор Кампенартс атанды. Екінші орынды франциялық велошабандоз Маттео Вершер алды. Үздік үштікті польшалық Михал Квятковский түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Харольд Техада көрсетті. Ол мәреге 131-болып жетті.