Қазақстандық теннисші, әлемнің 223-ракеткасы Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, нидерландылық Таллон Грикспурды жолдан тайдырды.

Бірінші партияда нидерландылық теннисші 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсеткенімен, одан кейін Скатов камбэк жасай алды – 6:3, 6:3.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты матчта Тимофей 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Грикспур 6 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Т.Скатов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 додасында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Тимофей жартылай финалға шығу үшін португалиялықтар Энрике Роша немесе Нуну Боргештің қай жеңгенімен таласады.

Қазақстандық теннисші осы табысының арқасында ATP Live рейтингісінде 183-орынға көтеріліп тұр.