18 шілдеде Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтеді, онда «Тобыл» өз алаңында «Рузомберок» (Словакия) клубымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. «Ел арна» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, бірінші кездесу 11 шілдеде Словакияда өтіп, 5:2 есебімен Рузомбероктың пайдасына аяқталды.