Шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Молдова чемпионы «Петрокубадан» 1:0 есебімен ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді Чемпиондар жолымен шымкенттіктер Конференция лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Команданы Люксембург елінің ұжымы Дифферданж командасы күтіп тұр.

Люксембург өкілдері екі кездесудің қорытындысы бойынша Клаксвиктен (Фарер аралдары) жеңіліп қалды.

Алғашқы ойын 24 шілдеде Люксембургте, 1 тамызда Шымкентте өтеді