Испания құрамасының және «Барселонаның» шабуылшысы Ламин Ямаль клубтағы нөмірін өзгертті. 27-нің орнына 19 деген саны бар нөмірлі жейде киеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, 19 нөмірлі футболканы «Барселонаның» аңыз ойыншысы Лионель Месси киген.

Ямаль 2024 жылғы Еуропа чемпионатына Испания құрамасы сапында қатысты. 17 жастағы футболшы Еуропа чемпионатында барлық жеті матчқа қатысып, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Испан ойыншысы турнирдің «Үздік жас ойыншысы» жүлдесін алды. Турнирде Испания құрамасы жеңіске жетті.

Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 90 миллион еуроны құрайды.