Алматыға QJ League командасына қарсы кездесуге келген «Црвена Звезда» жастар құрамасы қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өйткені, сербиялық команданың кәмелетке толмаған ойыншыларының бірі Қазақстанға жарамсыз төлқұжатпен келген.

Футболшы қазір Алматы әуежайында шекара бақылауында және Сербияға депортациялауға дайындалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, QJ League командасы мен «Црвены Звезда» жастар командасы арасындағы кездесу 20 шілдеде Алматыда өтеді.