Қазақстанның жұптық сайыстағы үздік теннисшісі Александр Недовесов Бастад қаласында (Швеция) өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Эквадор спортшысы Гонсало Экобармен бірге Недовесов португалиялық Франсиско Кабрал/Нуно Борхес дуэтімен кездесті.

Недовесов пен Эскобар 1-6, 6-3, 10-5 есебімен жеңіске жетті.