Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси қанша матқа қатыса алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында америкалық клубтың бас бапкері Херардо Мартино айтты. Оның сөзінше Месси тобық жарақатына байланысты команданың кем дегенде екі матчына қатыса алмайды.

Команда 18 шілдеде «Торонтомен», 21 шілдеде «Чикаго Файрмен» кездеседі. Осы маусымда Месси клуб сапында 12 матч өткізіп, 12 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

23 матчтан кейін «Интер Майами» МЛС турнирлік кестесінде «Цинциннатиден» бір ұпайға қалып, екінші орында тұр.