Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Команда бас бапкері Александр Кимнің айтуынша, спортшылар күн сайын дайындық кезеңінен есеп беріп отыр.

Бір апталық жаттығудан соң спортшылар Олимпиадалық ауылға қоныстанады.

Ал спорттық гимнастикадан жарыс 27 шілде күні басталмақ.