Futsal legends Telegram арнасы «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының футзалшысы Дуглас Жуниордың Сауд Арабиясы клубтарының біріне ауысуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің айтуынша, саудиялықтар алматылық клубқа трансфер үшін лайықты соманы төлеуге және әлемдегі ең мықты қорғаушылардың біріне жоғары жалақы беруге дайын. Қазақстандық гранд пен ойыншы алдын ала келісімін беріп қойған көрінеді.

Дуглас Жуниор «Қайрат» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Бұған дейін бразилиялық өз отанында АБС, сондай-ақ Чехияның Эра-Пак және Ресейдің КПРФ командаларында ойнаған. 2015 жылы Дуглас Қазақстан азаматтығын қабылдап, ел құрамасында ойнауға мүмкіндік алды.