Жартылай орта салмақта UFC-де бақ сынап жүрген Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов шәкірті өзінің келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шавқат күзге дайындалып жатыр. Енді Джек Делла Маддаленаның жарақатын ескере отырып, титулдық жекпе-жек қалай өтетінін күткен жөн. Осыдан кейін Шавкат үшін келесі жекпе-жекті жоспарланады. Маддалена оның келесі қарсыласы бола ма? Жоқ, Джек әзірге өзі бас тартты. Бізде оны күтуге уақыт жоқ. Біздің мақсатымыз – үміткер мәртебесін алу», - деді Саят YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, ағылшындық Леон Эдвардс пен палестиналық белді файтер Белал Мұхаммад сегізбұрышта кездеседі.

Шавкат Рахмоновтың еншісінде 18 жеңіс бар, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. UFC 296 турнирінде өткен соңғы жекпе-жекте Шавкат Рахмонов екінші раундта Стивен Томпсонды жеңді.