Іріктеуден өткен қазақстандықтар Денис Евсеев пен Тимофей Скатов Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тимофей әлемнің 90-шы жапондық Таро Даниэльді үш сетте 6:7, 6:2, 7:6 есебімен ұтты. Келесі айналымда Скатов турнирде үшінші нөмірмен ойнап жатқан голландиялық Таллон Грикспурға қарсы ойнайды.

Денис француз Александр Мюллерді екі сетте 7:5, 7:5 есебімен ұтып, мансабында алғаш рет ATP турнирінің екінші айналымына шықты. 1/8 финалда Евсеев испаниялық Роберто Карбалес Баенамен (АТР рейтингінде 54) ойнайды.