27 шілдеде Ақтауда «Найза 64» турнирі өтеді, басты жекпе-жекте қазақстандық Бағдат Жұбаныш жеңіліп көрмеген қырғызстандық Дооронбек Қылычбек ұлымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сілтеме жасап.

Cпортшылар ең төменгі салмақ дәрежесінде бос тұрған чемпиондық белбеу үшін төбеседі.

Қазір 52 келіге дейінгі салмақта Бағдат Жұбаныш (4-1) 2-орында, ал Дооронбека Қылычбек ұлы (4-0) 6-орында.

Еске салайық, бұған дейін ең төменгі салмақта чемпиондық белбеу қазақстандық Қазбек Сағынға (5-0) тиесілі болатын. Чемпион жақында титулдан бас тартты.