Әлемдегі ең әйгілі әрі беделді «Тур де Франс» веложарысының он алтыншы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы бельгиялық Йеспер Филиппсен атанды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына неміс спортшысы Фил Баухаус көтерілді. Үздік үштікті норвегиялық Александр Кристофф түйіндеді.

«Астананың» британдық шабандозы Марк Кавендиш мәреге 17-ші болып жетті.