Қазақстан Бірінші Лигасының жеңімпазы, спорттық негізде жоғары дивизионға жолдаманы жеңіп алған қарағандылық «Тұлпар» Премьер-лигаға қатысатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тұлпар» – тарихы терең, даңқты дәстүрі бар клуб. 2001-2016 жылдар аралығында команда 13 Қазақстан чемпионатына қатысып, оның 10-ында чемпионат жеңімпазы, сонымен қатар Қазақстан Кубогының үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан Суперкубогының иегері.

Команда екі рет Чемпиондар лигасының элиталық раундының қатысушысы болды. Тұлпар шәкірттері ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының тірегі болды.