Танымал қазақстандық теннисші Денис Евсеев Бастад қаласында (Швеция) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңі аясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық теннисші Франция өкілі Александр Мюллерді екі сетте жеңді.

Матч 7-5, 7-5 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеу финалда қазақстандық спортшы франциялық Мануэль Гинармен кездесіп, үш сетте 6:4, 4:6, 3:6 есебімен жеңіске жеткен болатын.