«Милан» «Рома» шабуылшысы Тэмми Абрахамға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Corriere dello Sport басылымына сілтеме жасап.

Клуб англиялық футболшыны жазда сатып алуды қарастырып жатыр. «Қызыл-қаралар» футболшы үшін 17 миллион еуро ұсынуы мүмкін.

Абрахам жарақатына байланысты өткен маусымның басым бөлігінде өнер көрсете алмады. Өткен маусымда 26 жастағы шабуылшы барлық турнирде 12 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.