17 шілдеде Батумидегі «Аджарабет Аренада» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Динамо» мен «Лудогорец» арасында қарымта ойын өтеді. Командалар арасындағы бірінші матч 3:1 есебімен болгариялық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грузия мен Болгария чемпиондары бұл текетіреске әртүрлі ойын жағдайында келіп тұр. Грузия чемпионаты қызу жүріп жатыр, ал «Лудогорец» екі айлық үзілістен кейінгі екінші ресми ойынын өткізеді.

Бірақ бұл жайт Разград қаласының командасына текетірестің бірінші матчында жеңіске жетуге және ойынды сенімді стильде өткізуге кедергі болмады. Бұған Грузиялық клубтың қазіргі бабы да себеп болуы ықтимал, себебі Грузия чемпиондары осы маусымда төртінші орында келе жатыр. Команданың соңғы жеңісі 23 мамырда тіркелген.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі қонақтар алдағы ойынның фавориті деп есептейді: «Динамо Батумидің» жеңісіне 4.45 коофициенті беріліп тұр, тең ойынға - 3.82 коофициент, «Лудогорецтің» жеңісіне - 1.76 коэффициент.

Бұл матчта тағы неге назар аударуға болады: бірінші ойынның нәтижесіне қарап, «Динамо» екі гол айырмашылығын қайтару үшін өз алаңында шабуылға шығады деп айтуға болады. Мұндай ойын алаң иелерін қорғаныс аймақтарын ашуға мәжбүр етеді, мұны тәжірибелі қонақтар пайдалануы мүмкін. Егер бәс қойғанда сақтанамын десеңіз, матч тоталы 3-тен көп болады бәсіне 2,14 коэффициенті ұсынылған.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.