Ауыр салмақтағы қазақстандық ММА файтер Ғалым Жасланов Дана Уайттың Power Slap шоуына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы файтер «Вестник ММА»-ге берген сұхбатында айтты.

«Біз Power Slap компаниясынан ұсыныс алдық. Жақын арада сонда ұшамыз деп ойлаймын. Мен Василий Пельменнің сонда дебют жасағанын көрдім. Мүмкіндік болса мен де жетемін», - дейді Ғалым Жасланов.