Түркістандық «Тұран» 25 жастағы словакиялық қорғаушы Бранислав Слуктың командадан кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Қорғаушы командадан отбасылық себептермен кеткен. Биылғы маусымда Бранислав Слук «Тұран» сапында 12 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.