«Оқжетпес» футбол клубы шабуылшы Алияр Мұхамедпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші турда Алияр Премьер-лигада «Жетісу» сапында өнер көрсетті.

Мұхамед жазғы трансферлік терезеде талдықорғандық клубтан кеткен Максим Чиканчиден кейінгі екінші шабуылшы атанды.