Будапештте өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында ресейлік Ирина Хромачева мен қазақстандық Анна Данилина чехиялық Анастасия Децюк пен нидерландылық Бибиане Схоофсты 6:2, 6:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.

Айта кетейік, 28 жастағы Данилина қазір жұптық сында WTA әлемдік рейтингінде 50-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең жақсы нәтиже.