Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі туралы шешімді жартылай орта салмақтағы промоушен чемпионы Леон Эдвардс пен Белал Мухаммад арасындағы титулды жекпе-жек өткеннен кейін ғана қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов айтты.

«Бастапқыда Шавкат Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізеді деген жоспар болған, бірақ Делла Маддалена жарақат алып қалды. 27 шілдеде Леон Эдвардс пен Белал Мухаммед арасында титулды жекпе-жек өтеді, содан кейін көп нәрсе белгілі болады. Осы уақытқа дейін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Чемпиондық белбеуді жеңіп алу үшін Шавкатта бәрі бар, біз осы мақсатқа жетуіміз керек», - деді Әбдірахманов Dope Soz арнасына берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов ММА-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде 3-орында тұр.