Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары күн санап жақындап келеді. Биыл Қазақстан спортшылары төрт жылдық додаға спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы орайда, Қазақстан спортшылары осыған дейінгі Жазғы Олимпиада ойындарында қай спорт түрінен жүлде жеңіп алғанын оқырмандар назарына ұсынғанды жөн санадық.

Осыған дейін жүлде бұйырған спорт түрлері:Бокс —7 алтын, 7 күміс, 10 қола;Жеңіл атлетика — 2 алтын, 1 күміс, 2 қола;Ауыр атлетика — 1 алтын, 3 күміс, 6 қола;Грек-рим күресі — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;Велоспорт — 1 алтын, 1 күміс;Қазіргі бессайыс — 1 алтын;Жүзу — 1 алтын;Еркін күрес — 3 күміс, 7 қола;Дзюдо — 2 күміс, 2 қола;Нысана көздеу — 2 күміс, 1 қола;Карате — 2 қола;Таеквондо — 1 қола.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.