28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Шәмші «Тұраннан» кетіп, ақтаулық «Каспий» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойыншымен келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылды. Самат Шәмші осы маусымда «Тұран» сапында 6 кездесу өткізді.

Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы», «Оқжетпес» және «Қыран» командаларында өнер көрсеткен.