Қазақстандық теннисші, әлемнің 160-ракеткасы Денис Евсеев Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 290-ракеткасы, франциялық Мануэл Гинармен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда М.Гинар 6:4 есебімен басымдылық танытты. Бұдан кейін Д.Евсеев ойын тізгінін қолға алып, камбэк жасай білді – 6:4, 6:3. 2 сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Денис 5 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Гинар 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, Бостадтағы негізгі жарыста Қазақстаннан Тимофей Скатов пен Денис Евсеев ойнайтын болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Швецияда негізгі жарысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз.