УЕФА Еуропа мен Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» мен «Ақтөбенің» қарымта матчтарына төрешілер тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 шілдеде Қостанайда өтетін Еуропа лигасы аясындағы «Тобыл» - «Рузомберок» матчында Миккел Реддердің жетекшілігімен даниялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Оның көмекшілері Дениз Юрдакул мен Рене Рисум, төртінші төреші Якоб Суннберг болады.

Еске салайық, алғашқы матчта «Тобыл» «Рузомбероктан» 2:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

19 шілдеге қараған түні Босния және Герцеговинаның Сараево қаласында Конференция лигасы аясында «Сараево» «Ақтөбені» қабылдайды. Бұл ойынның бас төрешісі болып түркиялық Зорбай Кючюк тағайындалды. Көмекші төрешілер - Ибрахим Чаглар Уярджан мен Фуркан Юрюн, ал төртінші төреші Джихан Айдын болады.

Еске салайық, Ақтөбеде өткен бірінші ойында алаң иелері жеңіліп қалған болатын - 0:1.