Испаниялық Marca басылымы Германияда өткен Еуро-2024 турнирінде жанкүйерлердің көңілін қалдырған ойыншыларды жасақтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Қақпашы хорватиялық Доминик Ливакович болды.

Қорғаныста – украиналық Александр Зинченко, даниялық Андреас Кристенсен, италиялық Джанлука Манчини мен Джованни Ди Лоренцо.

Жартылай қорғаныста – венгр Доминик Собослаи, серб Сергей Милинкович-Савич пен шотландиялық Джон Макгинн.

Шабуыл шебінде – португалиялық Криштиану Роналду, серб Душан Влахович пен бельгиялық Ромелу Лукаку.

Одан бөдек, Give me Sport нұсқасы бойынша, Роналду Еуро-2024 турниріндегі көңілден шықпаған футболшылар рейтингінде көш бастады.

Give me Sport нұсқасы бойынша Еурода көңілден шықпаған топ-13:

1) Криштиану Роналду (Португалия).2) Килиан Мбаппе (Франция).3) Ромелу Лукаку (Бельгия).4) Антуан Гризманн (Франция).5) Мануэль Нойер (Германия).6) Жоржиньо (Италия).7) Александар Митрович (Сербия).8) Андрей Лунин (Украина).9) Трент Александер-Арнольд (Англия).10) Йошко Гвардиол (Хорватия).11) Жереми Доку (Бельгия).12) Харри Кейн (Англия).13) Вирджил ван Дейк (Нидерланды).