28 жастағы «Тұранның» қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Шәмші «Каспий» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншымен келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылды. Самат Шәмші биылғы маусымда «Тұран» сапында 6 кездесу өткізді.

Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы», «Оқжетпес» және «Қыран» командаларында өнер көрсеткен.