Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Головкин мемлекет басшысына ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берді.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің ҰОК-да 20 миллион теңге көлемінде жалақы алатыны жөнінде дау шығып, ҰҚК ол ақпаратты жоққа шығарған болатын.