Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бастадта (Швеция) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің жартылай финалында италиялық Андреа Пеллегриноны 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.

Айта кетейік, Бастадтағы жүлде қоры 579 320 еуро. Турнир 15-21 шілде аралығында өтеді.