Талдықорғандық «Жетісу» 31 жастағы неміс жартылай қорғаушысы Майк Карвотпен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс жартылай қорғаушысы мансабын Бундеслиганың «Ганновер 96» жастар құрамасында бастады, негізгі құрамға түсе алмаған соң, Грекияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Фостирас» клубына ауысты. Алайда ол көп ұзамай қаржылық қиындықтарға байланысты клубты тастап, Германияға оралды, онда төртінші дивизион клубтарында ойнады.

Майк Карвоттың кейінгі клубы Польшаның екінші лигасында ойнайтын «Погонь Седльце» болды. Карвот мансабында 290 матч өткізіп, 16 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.