Астанада теннистен Қазақстан кубогі басталды. Бірінші жарыс күнінде іріктеу турнирлері өтті.

Қазақстандық жас теннисшілер бірінші күні сәтсіз өнер көрсетті.

Ислам Орынбасар үндістандық Праджвал Девадан 1:6, 0:6 есебімен ұтылды.

Ерасыл Ерділдә ресейлік Петр Бирюковқа есе жіберді, 3:6, 4:6.

Сондай-ақ, Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин де ресейлік қарыластарына жол берді.